ҚР ИДМ ГЖҚПК сайты

+7 (7172) 579361, 579362

eiti_secretariat@geology.kz

Slider kaz

previous arrow
next arrow
1
2
3
Slider

Жаңалықтар

Қазақстанда ӨСАБ-тың іске асырылуы жөнінде Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің отырысы өтті.

21
Мамыр
2019

Ағымдағы жылдың 21 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған ӨСАБ Халықаралық хатшылығының Атқарушы директоры Марк Робинсон, Валидация жөніндегі директор Алекс Горди, Парламент, Үкімет, азаматтық қоғам мен өндіруші компаниялар тарапынан МТҰК мүшелері қатысты. Марк Робинсон Қазақстанда ӨСАБ-ты іске асырудағы табыстар мен оның аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде де ілгерілегені үшін алғыс білдірді. Атап өтетіні, басты талабы компаниялардың келісімшарттары мен түпкілікті бенефициарларын ашу болып табылатын ӨСАБ стандартына сәйкес, деректерді жариялауды кеңейту бағытында жұмыс жүргізілген болатын. Қазақстанның тәжірибесі мол және басқа елдерге үлгі боларлықтай алдыңғы қатарда дегенді айтты. Бенефициарлық құқық, минералдық ресурстар саудасы, келісімшарттарды жария ету мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидация басталғанға дейін жоғары баға алу үшін түзету қажет бірқатар ұсынымдар бар. Сондай-ақ, МТҰК отырысында күн тәртібіне сәйкес Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы әрі МТҰК төрағасының орынбасары А.А. Надырбаев 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидацияға дайындық және 2017 жылғы валидация барысында Халықаралық басқарма берген түзету шараларының жай-күйі, прогресс пен проблемалық мәселелер туралы ақпарат берді. МТҰК-тің Валидация жөніндегі жұмыс тобының жұмысы туралы ҮЕҰ тарапынан МТҰК мүшесі Диана Окремова баяндады. Валидация жөніндегі директор Алекс Горди алда болатын 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидация үшін жасалатын түзету шаралары туралы презентация жасады және түзетулер негізінен техникалық және безендіру сипатында екенін атап өтті. Бенефициарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің Манила қаласында өткен тренингке қатысуы туралы, бенефициарлық құқық бойынша халықаралық талаптар және Бенефициарлық құқық жөніндегі жол картасының іске асырылуы туралы «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС бас директоры, ӨСАБ Ұлттық хатшылығының жұмысын үйлестіруші Жанат Карибаев сөз етті. 2019 жылы Қазэнерджи энергетика апталығы шеңберінде ӨСАБ бойынша X Ұлттық конференцияны өткізу туралы «Kazenergy» қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық департаметінің директоры, МТҰК мүшесінің орынбасары Бауыржан Өмірзақов айтты.                                                                                                                                                   Отырыс хаттамасымен ӨСАБ Ұлттық сайтында танысуға болады http://eiti.geology.gov.kz/ru/the-national-council/minutes-of-meetings.

Соңғы жаңалықтар

Пресс –релиз о рабочей встрече представителей сторон НСЗС по реализации ИПДО в Казахстане

14 Қаңтар
2020 - 3203Views

2019 жылғы 26 қыркүйектегі мерейтойлық Х Ұлттық Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) конференциясы туралы баспасөз баяндамасы

26 Қырк
2019 - 3406Views

2019 жылғы 26 қыркүйектегі Нұр-Сұлтан қаласында өтетін мерейтойлық Х Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) бойынша Ұлттық конференция туралы баспасөз баяндамасы

20 Қырк
2019 - 3503Views

Қазақстанда ӨСАБ бойынша екінші валидацияның басталуы туралы баспасөз баяндамасы

13 Тамыз
2019 - 2877Views

ӨСАБ-ты іске асыру аясында валидация және салыстыру бойынша МТҰК жұмыс тобымен кездесу туралы баспасөз хабарлам

19 Шілде
2019 - 2703Views

Пресс-релиз. Глобальная конференция по ИПДО в Париже 17-19 июня 2019 г.

18 Маусым
2019 - 2726Views

За период 2018-2019 (до июля) были опубликованы следующие материалы

10 Маусым
2019 - 4820Views

ӨСАБ Атқарушы директоры Марк Робинсон мен Валидация жөніндегі директор Алекс Гордидің 2019 жылдың 21-24 мамыры аралығындағы Қазақстанға сапары (Нұр-Сұлтан қ.)

03 Маусым
2019 - 2302Views

Қазақстанда ӨСАБ-тың іске асырылуы жөнінде Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің отырысы өтті.

21 Мамыр
2019 - 2350Views
движок сайта