ҚР ИДМ ГЖҚПК сайты

+7 (7172) 579361, 579362

eiti_secretariat@geology.kz

Slider kaz

previous arrow
next arrow
1
2
3
Slider

Жаңалықтар

ӨСАБ Атқарушы директоры Марк Робинсон мен Валидация жөніндегі директор Алекс Гордидің 2019 жылдың 21-24 мамыры аралығындағы Қазақстанға сапары (Нұр-Сұлтан қ.)

03
Маусым
20

21-24 мамыр аралығында ӨСАБ Атқарушы директоры Марк Робинсон, Валидация жөніндегі директор Алекс Горди және Аймақтық директор Оляна Валигура Қазақстанда ӨСАБ-тың іске асырылу барысымен танысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына іссапармен келді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.В. Склярмен, энергетика вице-министрі А.М. Мағауовпен, ұлттық компаниялардың (ҚазМұнайГаз, Таукен-Самұрық, Қазатомпром, Қазгеология, ҚазТрансОйл, ҚазТрансГаз, ҚТЖ) бірінші басшыларымен кездесті. ӨСАБ бойынша шетелдік делегацияның, Парламент, Үкімет, азаматтық қоғам, өндіруші компаниялар тарапынан МТҰК мүшелері қатысқан Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесі өтті. Сондай-ақ, Қазэнерджи қауымдастығының алаңында мұнай-газ және тау-кен секторы компанияларымен кездесу өткізілді.  

Талқыланатын мәселелер – валидациядан өтуге арналған түзету шаралары (2019 жылғы 13 тамыз), ӨСАБ стандартының келісімшарттарды және түпкілікті бенефициарларды ашу бойынша халықаралық талаптары.

Кездесулер кестесіне сәйкес 21 мамыр сағат 9.30-да Марк Робинсон мен Алекс Горди ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің (бұдан әрі – ИИДМ ЖД) директоры, ӨСАБ халықаралық басқармасының мүшесі және Ұлттық үйлестіруші Р.Н. Баймишевпен және ӨСАБ Ұлттық хатшылығының басшысы Э.А. Джантуреевамен кездесті. Оған «Қазгеоақпарат» РГАО бас директоры Ж.К. Карибаев (ӨСАБ Ұлттық хатшылығының қызметін үйлестіруші) қатысты. Кездесу барысында Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің, Ұлттық үйлестірушінің, ӨСАБ Ұлттық хатшылығының ұйымдық құрылымы және функциялары, сондай-ақ ӨСАБ халықаралық басқармасына мүше болу мәселесі талқыланды. ӨСАБ-ты дамыту басымдықтары мен жоспары сөз етілді. Р.Н. Баймишев Халықаралық басқармаға мүшелік пен Ұлттық үйлестіруші қызметінен басқа, келісімшарттарды/лицензияларды беру және бұзу, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелерді мониторингілеу, Жұмыс бағдарламаларын, жергілікті қамтуды, инвестициялық қызметті, жою жұмыстарын келісімдеу, мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, т.б. жөніндегі құзырлы орган – Жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы ретінде негізгі функциясы бар екенін атап өтті.  

ӨСАБ Ұлттық хатшылығы ұлттық оператор «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС-ның (ҚР ИИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті 100% құрылтайшы) Ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету департаментінде орналасқан. Негізгі қызметі – лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелерді жинау, өңдеу және олардың орындалуын талдау, пайдалы қазбалардың мемлекеттік балансын есепке алу, инвестициялық пакеттерді дайындау.

Басым бағыттар – ӨСАБ-ты біріктіруге көшу, ӨСАБ стандартының келісімшарттарды және бенефициарлық иелерін ашу бойынша халықаралық талаптарға сәйкестікке қол жеткізу болып табылады. Аталған талаптар Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс нормаларында көзделген.

Екінші кездесу 21 мамыр сағат 10.30-да ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясында Қаржы басқармасы төрағасының орынбасары Д.С. Караваевпен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен өтті. ӨСАБ шеңберіндегі есептілікті ұсыну, ӨСАБ стандартының халықаралық талаптары, келісімшарттар бойынша ашық деректер саясаты және оларды жариялау мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Д.С. Караваев компанияның қызметі айқын, қаржылық есептер, сондай-ақ квазифискалды шығындар компанияның сайтында жарияланатынын айтты. Компания ӨСАБ-ты және келісімшарттардың ашықтығын, сондай-ақ Стандарттың шикізат ресурстарын сату туралы ақпаратты ашу бойынша жаңа талапты қолдайды деді.

Келесі кездесу сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.В. Склярмен болды. Марк Робинсон қошемет білдіріп, Р.В. Склярды жаңа қызметімен құттықтады.

Р.В. Скляр да өз тарапынан ілтипатын білдіріп, шетелдік делегацияға Қазақстанда ӨСАБ қызметіне жетекшілік ететін ҚР ИИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.А. Надырбаев пен ҚР ИИДМ ЖД директоры Р.Н. Баймишевты таныстырды.

Р.В. Скляр арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалады. Үлесі елдегі ЖІӨ-нің 20%-ын құрайтын тау-кен-металлургия кешенін қарқынды дамытуға бағытталған стратегияны, жаңа Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің қабылдануын, әрі қарайғы даму жолдарын атап өтті. Кездесу барысында Р.Н. Баймишев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Стамбул жоспары шеңберінде экономиканың басқа да салаларына Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің қызмет тәжірибесін тарату жайлы, оның тиімділігнін айтты.

Марк Робинсон ӨСАБ-ты аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде де іске асырудағы Қазақстанның, сондай-ақ Р.Н. Баймишев мүшесі болып табылатын ӨСАБ халықаралық басқармасында ел атынан өкілдік етудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстан 12 жылдан астам уақыт ӨСАБ-ты іске асырып келеді және толық құптайды. Үкімет, компаниялар мен ҮЕҰ тараптары қолдау көрсетіп келеді. Басқа елдер сияқты деректерді көбірек жария ету бағытында жұмыс істеуде. Қазақстанның ӨСАБ-ты енгізудегі тәжірибесі мол және ӨСАБ халықаралық басқармасының жоғары бағасына ие. Бенефициарлық құқық жөнінде тренингтер өткізу, мұнай мен газ саудасы, келісімшарттарды мемлекеттік органдарға әрі азаматтық қоғамға ашық көрсетіп жария ету мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетуге дайын екендерін айтты. Ағымдағы жылдың тамызында қайта валидация өтетінін хабарлады және Қазақстан ең жоғарғы бағаға ие болуы ықтимал дегенді айтты.

А.А. Надырбаев сағат 15.00-де өтетін МТҰК отырысы туралы айтты. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Үкімет, компаниялар және үкіметтік емес сектор өкілдері қатысады. Онда 2017 жылғы валидация барысында берілген түзету шараларының орындалуы айтылады.

Р.В. Скляр ӨСАБ стандартының талаптарына сәйкес келуге ұмтылысты тағы бір мәрте атап өтіп, ақпаратты ұсынуға дайындық пен көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

Сағат 12.30-да Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі А.М.Мағауовпен кездесу болды. Оның барысында Марк Робинсон 2020 жылға қарай міндетті түрде ашылуы тиіс деректермен қоса, ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды біріктіру және олардың ӨСАБ талаптарына сәйкестігі туралы айтты.

А.М. Магауов ӨСАБ іске асырыла бастаған кезде мұнай-газ секторы компаниялары тарапынан түсінбеушіліктер болды, соған қарамастан Энергетика министрлігі бірлесе жұмыс жасауға, сондай-ақ МТҰК жұмысына қатысуға және ақпараттар ұсынуға әр уақытта дайын дегенді айтты.

Марк Робинсон компаниялардың келісімшарттары мен бенефициарлық иелерін, квазифискалды шығындарды ашу туралы ӨСАБ стандартының талаптарын, өзінің еншілес компанияларында мемлекеттік үлес пакеттерін иеленуші ретінде ҚМГ-ның қатысуы, оның МТҰК-те өкілдік етуі, 2019 жылы маусымда Парижде өтетін Жаһандық конференция шеңберінде бекітілетін ӨСАБ стандартының жаңа талаптары жайлы айтып өтті. Сондай-ақ Марк бүгінгі таңда Өзбекстан ӨСАБ мүшелерінің тәжірибесін зерделеуде және ӨСАБ-қа қосылғысы келеді дегенді мәлімдеді. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан үшін тренинг өткізу жоспарда бар деді.

А.М. Мағауов осы мәселелердің барлығы Энергетика министрлігі мен Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ішінде әріптестермен талқыланатынын айтып, әріптестік үшін алғысын білдірді.

Осы күні сағат 15.00-де ҚР ИИДМ алаңында Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің (МТҰК) кезекті отырысы өтті. Оған ӨСАБ Халықаралық хатшылығының Атқарушы директоры Марк Робинсон, Валидация жөніндегі директор Алекс Горди, Парламент, Үкімет, азаматтық қоғам мен өндіруші компаниялар тарапынан МТҰК мүшелері қатысты. Марк Робинсон Қазақстанда ӨСАБ-ты іске асырудағы табыстар мен оның аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде де ілгерілегені үшін алғыс білдірді. Атап өтетіні, басты талабы компаниялардың келісімшарттары мен түпкілікті бенефициарларын ашу болып табылатын ӨСАБ стандартына сәйкес, деректерді жариялауды кеңейту бағытында жұмыс жүргізілген болатын. Қазақстанның тәжірибесі мол және басқа елдерге үлгі боларлықтай алдыңғы қатарда дегенді айтты. Бенефициарлық құқық, минералдық ресурстар саудасы, келісімшарттарды жария ету мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидация басталғанға дейін жоғары баға алу үшін түзету қажет бірқатар ұсынымдар бар. Сондай-ақ, МТҰК отырысында күн тәртібіне сәйкес Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы әрі МТҰК төрағасының орынбасары А.А. Надырбаев 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидацияға дайындық және 2017 жылғы валидация барысында Халықаралық басқарма берген түзету шараларының жай-күйі, прогресс пен проблемалық мәселелер туралы ақпарат берді. МТҰК-тің Валидация жөніндегі жұмыс тобының жұмысы туралы ҮЕҰ тарапынан МТҰК мүшесі Диана Окремова баяндады.

Валидация жөніндегі директор Алекс Горди алда болатын 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидация үшін жасалатын түзету шаралары туралы презентация жасады және түзетулер негізінен техникалық және безендіру сипатында екенін атап өтті. Бенефициарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің Манила қаласында (Филиппины) өткен тренингке қатысуы туралы, бенефициарлық құқық бойынша халықаралық талаптар және Бенефициарлық құқық жөніндегі жол картасының іске асырылуы туралы «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС бас директоры, ӨСАБ Ұлттық хатшылығының жұмысын үйлестіруші Жанат Карибаев сөз етті. 2019 жылы Қазэнерджи энергетика апталығы шеңберінде ӨСАБ бойынша X Ұлттық конференцияны өткізу туралы «Kazenergy» қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық департаметінің директоры, МТҰК мүшесінің орынбасары Бауыржан Өмірзақов айтты. Отырыс хаттамасымен ӨСАБ Ұлттық сайтында танысуға болады http://eiti.geology.gov.kz/ru/the-national-council/minutes-of-meetings

Сағат 17.00-де «Қазақстан Темір Жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясында бас инженер Б.К. Котыревпен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесу болды.

Кездесу барысында Алекс Горди сапарының мақсаты жайлы, яғни Валидация жөніндегі директор ретінде елде қайта валидациядан өткен кезде көмек пен қолдау көрсететінін айтты. Қазақстан 12 жылдан астам уақыт ӨСАБ-ты іске асырып келеді. Бұл стандарт тек өндіруші саладан түсетін кірісті ғана емес, тасымалдан түсетін кірістерді де ашуды қамтиды. Бұл деректер, оның ішінде көлемі, маршруттары, тарифтері мен квоталар жыл сайын ӨСАБ ұлттық есебінде жарияланады.

Сондай-ақ, минералдық шикізат түрлері бойынша бөле отырып, тасымал көлемі туралы және одан түсетін табыс туралы деректерді ашып көрсету ұсынылды. Мысалы, ресми интернет-ресурстарда жарияланатын мұнай мен газ бойынша аудиттік тексерістен өткен есептерде көрсету. Бұл ретте, өндіруші салаға қарағанда, тасымалдан түсетін табыс аз, алайда мемлекет өндірілген шикізат құны қалай қалыптасатынын, өндіруден сатуға дейінгі барлық тізбекті ашық жария етуі тиіс дегенді айтты. Елдегі қайта валидацияның нәтижесі, тиісінше ӨСАБ стандартына сәйкестік бағасы осыған байланысты болады.

Б.К. Котырев бұл мәселені және деректердің көлемі мен форматын Ұлттық хатшылықпен жұмыс тәртібінде пысықтауға уәде берді.

 

22 мамыр сағат 11.00-де Қазэнерджи мұнай-газ компанияларының қауымдастығы алаңында Шелл, Эксон Мобил, Қарашығанақ, ТШО, Қазақмыс сынды мұнай-газ және тау-кен секторы компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.

Марк Робинсон кездесу қатысушыларымен амандасып, әрқайсысымен жеке-жеке танысты, сондай-ақ Йонас Мобергтен кейін осы лауазымда отырғанына 6 ай болғанын атап өтіп, танысқанына ризашылығын білдірді. ӨСАБ-қа қатысушы елдер арасында Қазақстанның алдыңғы қатарда тұрғанын, сыбайлас жемқорлықпен күрес құралы ретінде ӨСАБ-ты одан әрі дамыту бағдары, елдің инвестициялық тартымдылығы, жалпы және ӨСАБ қызметінен келетін экономикалық қайтымдылық туралы айтты. Осы жылы маусымда Париж қаласында өтетін алдағы Жаһандық конференция шеңберіндегі ӨСАБ Халықаралық басқармасының отырысында Халықаралық басқарманың жаңа төрағасы болып Хелен Кларк (Жаңа Зеландияның бұрынғы Премьер-Министрі) тағайындалады және жаңа ӨСАБ 2019 стандарты бекітілетін болады. Басты мақсат – ӨСАБ бойынша іс-шаралардың тиімді орындалуына оза қол жеткізу бағытында ӨСАБ-ты дамыту, мүдделі тараптар мен қоғам деректерді пайдалана алатындай, ашық деректерді мемлекеттік жүйелерде және кәсіпорындарда біріктіру. ӨСАБ стандартының келісімшарттар мен бенефициарлық иелерін ашу бойынша халықаралық талаптары, оның 2020 жылға қарай міндетті болатыны, бұл талап жаңа келісімшарттарға қатысты, ал қолданыстағыларға ерікті түрде болатыны туралы айтты.  

ТМКҚ Атқарушы директоры, МТҰК мүшесі М. Кононов ҚР заңнамасына сәйкес есептілікті уақытында тапсыруға қатысты компаниялардың қызметі, ӨСАБ-тың пайдасы, әлеуметтік жауапкершілік, трансферттік білім беру туралы сөз етті. Сондай-ақ, қолданыстағы және Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс нормалары енгізілгеннен кейін жасалған келісімшарттарды ашуға қызығушылық білдіретін компаниялардың көп екенін айтты. Мысал етуге болатын келісімшарттарды жариялаған елдер бар ма дегенді сұрады.

Валидация жөніндегі директор Алекс Гордидің айтқаны, мысалға, Моңғолияда мемлекет деңгейіндегі Жұмыс тобының жұмысы шеңберінде құпиялардан басқа барлық келісімшарттарды жариялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта, келісімшарттар және өнімді бөлу туралы келісімдер жарияланған. Қарапайым адамдар келісімшарттар қандай негізде жасалғанын біле алады, бұл әлеуметтік шиеленістерді азайтады. Басқа да мысалдар баршылық.

Б. Өмірзақов энергетика апталығы шеңберінде кезекті Қазэнерджи форумы (23-27 қыркүйек) өтетінін хабарлады. Онда қалпына келетін энергия, көмірсутек шикізатын өндіру, тасымалдау бойынша 30-дан астам іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр. Форум шеңберінде ӨСАБ бойынша Ұлттық конференция өтеді (26 қыркүйек). Форумға Халықаралық басқарманың төрайымы Хелен Кларк және ӨСАБ Халықаралық хатшылығынан әріптестер қатыса алады. Біз ӨСАБ Ұлттық конференциясын халықаралық алаң ретінде пайдаланғымыз келеді. 26 қыркүйекте жоғары деңгейде пленарлық отырыс өтеді. Талқылауға болатын мәселелер мен ұсыныстар күтеміз.

Жалпы, кездесу достық ықыласында өтіп, компаниялар елімізде ӨСАБ-ты іске асыруды қолдайтынын білдірді.

Түскі үзілісте азаматтық қоғам өкілдері Д. Окремовамен және Н. Еркаевамен кездесті.

Сағат 15.00-де Алекс Горди «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясына барды. Экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары Ж.Т.Махинмен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесті.

Ж.Т. Махин компанияның қызметі, миссиясы, қауіпсіз көлік қызметін қамтамасыз ету, бақылау рәсімдері мен қағидалары, компанияның ресми сайтында қаржылық тексерілген есепті жариялау туралы айтты. Кірістер, түсімдер, салықтар мен қаражатты бөлу туралы барлық есептерді мемлекеттік органдар растайды, тексереді, мағлұмдайды. Компания үздік салық төлеуші мәртебесіне ие болып, сыйақы иеленді. Бұл басқа компанияларға үлгі және ашықтықтың көрінісі. Мемлекеттік инфрақұрылым объектілерін салу бойынша әлеуметтік жауапты Самұрық-Қазына ҰӘҚ болып табылады.

Кездесу барысында Алекс Горди өз сапарының мақсатын Қазақстанға валидациядан өтуге көмек көрсететінін, компаниялардың кірістері, айырбас келісімшарттары, квазифискалды шығындары, субсидиялау, акциялар эмиссиясы мен мемлекет немесе ҚМГ берген өтемақы, тасымалдау мен табыс көлемі, тарифтер туралы ақпаратты ӨСАБ бойынша ұлттық есепке не үшін енгізу қажет екенін айтты. Жүктемені азайту мақсатында аталған ақпаратты жыл сайын сұрату бойынша ұсынып отырғаннан гөрі, өз интернет-ресурстарында орналастырған жөн.

Сағат 16.30-да Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде А.О. Төлеевпен, халықаралық бөлімнің басшысымен, басқа құрылымдық бөлімшелердің басшылармен кездесу болды.

Кездесу барысында Алекс Горди ӨСАБ-қа қатысушы 52 елде, оның ішінде Қазақстанда валидация өткізудегі және көмек пен қолдау көрсетудегі өзінің рөлін атап өтті. ӨСАБ-тың негізгі бағыты - қазынашылық арқылы түсетін қоса алғанда, бюджетке түсетін түсімдердің, сондай-ақ бюджеттен алған қаражаттың жұмсалуының толық айқын болуы. Үкімет деректерін тексеру, аудит жүргізу, қаржылық есептердің сапасы. Сонымен қатар, аталған түсімдерді бухгалтерлік есеп туралы заңға сәйкес есептеп аударылуы бойынша емес, ӨСАБ шеңберінде кассалық әдіспен тексеру қажет екенін атап өтті.

Есеп комитетінің өкілдері жұмыс барысында салықтық тәртіп ескеріледі, мұнай-газ секторының кәсіпорындары бойынша жағдай жолға қойылды, ал тау-кен секторы бойынша әлі де жұмыс жүргізу қажет екенін хабарлады. Айта кететіні, депозитарийдің сайтында мұнай-газ компаниялары бойынша бенефициарлар көрсетілген ақпарат жарияланады. Жалпы келісімшарттарды жариялауға оң көзқарас танытып отыр.

Сағат 17.30-да «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясында Бюджетті жоспарлау департаментінің директоры С.А.Марековпен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесу болды.

Кездесу барысында Алекс Горди Қазақстан ӨСАБ-қа қатысушы 52 елдің қатарында, соңғы жылдары Аргентина мен Мексика қосылғанын айтты. Басында ӨСАБ стандарты тек бюджетке түсетін төлемдер мен түсімдерді ғана салыстырып тексеруді қамтыған, ал қазіргі кезде аясы кең, яғни өндіру, тасымалдау, маркетинг, квазифискалды шығындар, шикізатты сату енген. Қазақстан ӨСАБ-ты іске асыруда елеулі прогреске қол жеткізді. Бірақ ӨСАБ халықаралық талаптарына толық сәйкес келу үшін бірқатар түзету шараларын жүзеге асыру қажет. Атап айтқанда, Ресеймен және Өзбекстанмен айырбас келісімдерін, айырбас операциялары шеңберінде жеткізілетін газ көлемін ашып көрсету қажет. Сондай-ақ ҚМГ мен ҚТГ арасындағы қаржылық операциялар туралы көрсету қажет, егер жылдық есептерде қамтылған болса, онда ресми сайтқа сілтеме жасау жеткілікті.

С.А. Мареков тексерілген есептерде мұндай ақпарат жоқ, сұрау жасау қажет екенін айтты. Айырбас операциялары шеңберінде ҚМГ – ГазПром мен Өзбекмұнай арасындағы Үкіметаралық келісім бойынша Қарашығанақ газына айырбасталған Ресей мен Өзбекстаннан келген импорт көлемі көрсетілген (теңбе тең, қосымша көлем мен аударымдарсыз).

         Сондай-ақ, түсімдер, тасымал бағыттары, ГМК арасындағы өзара қаржылық іс-қимылдар, қарыздар, субсидиялар, берешек міндеттемелер бойынша кепілдіктер, залалдар, квазифискалды шығындар жөнінде мәселе көтерілді.

23 мамырда сағат 9.30-да ӨСАБ бойынша бюджеттік бағдарлама шеңберінде ӨСАБ Ұлттық есептерін дайындайтын Тәуелсіз әкімші UHY SAPA Consulting өкілі С. Сейтмагзимовамен және төлемдер жөніндегі деректермен салыстырып тексеру үшін түсімдерді қалыптастыратын ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері А.Рахметовамен, А. Саринамен, Ж. Катиковамен кездесу болды.

Алекс Горди өзінің келу мақсаты – 2019 жылғы тамыздағы валидацияға қолдау және көмек көрсету екенін атап өтті.

Одан кейін Алекс салыстырып тексеру үшін аудитордан деректердің дұрыстығы мен толықтығы туралы ресми өтініш керек. 2017 жылғы валидация барысында берілген 10 түзету шараларына қатысты олардың әрқайсысы бойынша толықтыру қажет деп пікірін білдірді.

Берілген лицензиялар/ жасалған келісімшарттар, оның ішінде жер қойнауын пайдалану құқығы басқа компанияларға берілгендер саны туралы ҚР ЭМ мен ҚР ИИДМ-ға сұрау хат жолдау қажет. Бұл ретте, ықтимал ауытқулар/бұзушылықтар бойынша баған қосып, осы ақпаратты көруге болатын сайттарға сілтеме жасау қажет.

2.3-талабы бойынша лицензия/келісімшарт берілген күн міндетті түрде көрсетілуі тиіс, егер қолданыстағылар үшін аталған рәсім күрделі болса, онда заңнамаға сәйкес өтінім беретін соңғы күнді көрсету қажет. EXSEL форматында кесте жасап, оны сайтта жариялау керек.

Квазифискалды шығындар бойынша ХВҚ-қа сәйкес анықтама беру қажет, Самұрық-Қазына мен ұлттық компаниялар арасындағы өзара қаржылық іс-қимылдарды көрсету қажет, дивидендтер бойынша егер дивидендтер төленбесе, бағандарды бос қалдырмай, түсініктемесін жазу қажет. Сондай-ақ, ұлттық компаниялардың дивидендтер, құнды қағаздар мен акциялардың эмиссиялары бойынша қандай заңнамаға сәйкес дербес шешім қабылдауға құқықтары бар ма, мемлекеттік қарыз, өтеу мерзімдері туралы көрсету, егер жалпыға қолжетімді болса, сілтеме беру қажет.

ҚР ҚМ МКК өкілдерімен салыстырып тексеру, МКК басшылығының қолымен дұрыстығын растай отырып, түсімдер тізімін беру мәселелері талқыланды. Алдағы уақытта берекқорларды БМБЖ немесе ҰДБ-ға біріктіру жайы айтылды.

МКК өкілдері салыстырып тексеру есептеп аудару бойынша емес, ӨСАБ-қа арналған кассалық әдіспен жасалған төлемдер жөніндегі деректер негізінде жүзеге асырылатынын айтты. Жүктеп алу компаниялардың БСН-дері арқылы жүргізіледі, сондай-ақ дербес шоттар жүктеп алынады. Бұл ретте, Дербес шоттар бойынша төлемдер жоқ, олар БСК бойынша тізілімнен алынатыны айтылды. Сондай-ақ, Есеп комитеті есептеп аударылған және кассалық төлемдер бойынша тексеріс жүргізетіні айтылды.

Өндіру көлемі мен олардың құнына қатысты споттық бағалары бойынша есептеуге болады. Әлеуметтік шығындарды 3-2-кестеде келісімшарттардың талаптары бойынша және облыс әкімдіктерімен жасалған меморандумдар шеңберіндегі қосымша шығындарға бөлу қажет, сонда 5-қосымшада берілген деректер арасындағы айырма түсінікті болады.

Сағат 14.30-да «Қазгеология» ұлттық компаниясында Басқарма төрағасы А.А. Абылғазинмен, Басқарушы директор Б.А. Мударисовпен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Б. Мударисов Б. компанияның қызметі, мақсаты мен міндеттері туралы презентация жасады. Міндеті - жер қойнауын кешенді геологиялық зерттеу және қатты пайдалы қазбалар мен жерасты сулары саласындағы елдің минералдық-шикізат базасының толығуын қамтамасыз ету, Қазақстанның жер қойнауын кешенді геологиялық зерттеу жолымен ұлттық байлықты көбейту және елдің минералдық-шикізат базасының ұдайы молаюын қамтамасыз ету.

Алекс Горди Қазгеология есептері ӨСАБ талаптарына толық сәйкес келетінін айтты. Сонымен бірге, ол мемлекетпен өзара қаржылық іс-қимыл кезінде туындайтын Қазгеологияның міндеттемелері, сондай-ақ ӨСАБ есептерін дайындауға қажет ақпаратты ашық жариялап, қолжетімді ету талаптары және ақпараттың өзіне қойылатын талаптар туралы айтты. Қаржылық құжаттаманы ашық жариялау мен есептілікті қалыптастыруға негізделген айқындық шетелдік инвесторлар тарапынан қазақстандық компанияларға деген сенімді арттыратын қосымша шаралардың бірі екенін түсінген дұрыс. Компаниялар ӨСАБ бойынша есептерін ұсынатын «Жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі (БМБЖ) кез келген адамға онлайн режимде қолжетімді.

         Сағат 15.30-да ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде кездесу өтті. Кездесуге Халықаралық статистикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы М. Тажикенов және құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

         ӨСАБ шеңберінде заттай және құндық мәніндегі экспорт көлемі, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өндіруші сектордың үлесі, салалардағы жұмыспен қамтылу, оның ішінде гендерлік бөлініс, шикізат ресурстарының саудасы туралы статистикалық ақпаратты ұсыну мәселесі көтерілді.  

         Статистика комитетінің өкілдері барлық талап етілетін ақпарат экономикалық қызмет сыныптамасы бойынша кәсіпорындардың есептері негізінде қалыптасатынын және Комитеттің ресми интернет-ресурсындағы ай сайынғы, тоқсандық, жылдық (1 шілдеге дейін) бюллетеньдер және басқа да анықтамалық материалдар мен есептерде жарияланатынын айтты. Жан-жақты жіктелген ақпаратқа қатысты айтсақ, ол қабылданған стандарттарға сәйкес 5-деңгейге дейін қалыптастырылады. Одан да жіктеліп қаралған кезде кәсіпорындар ұсынатын өнеркәсіптік өнімнің орташа жылдық бағасы пайдаланылады.

         Сағат 17.00-де Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің директоры А. Аралбаевпен, БМБЖ әзірлеушілерімен және салалық басқармалардың басшыларымен кездесу болды.

А. Аралбаев Департамент бекітілген НҚА-ларға сәйкес сала мамандары әзірлейтін нысандарды жүйеге енгізуге және сүйемелдеуге жауапты екенін айтты. Бұл ретте, қазіргі уақытта халыққа түсінікті әрі қолжетімді талдау құралдарының қосымша функцияларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. БМБЖ-дегі есептердің дұрыстығы компанияның бірінші басшыларының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталады. Сондай-ақ, мысалға, ЛКТ есептеріндегі салықтар бойынша деректерді жүйеге рұқсаты бар МКК тексереді. Статистика комитетімен және Әділет министрлігімен жеке және заңды тұлғалар бойынша деректерді е-gov жүйесімен біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Карталарды, интерактивті инфографиканы визуалдау міндеті тұр. Болашақта Ұлттық деректер банкімен біріктіру жоспарда бар.

24 мамыр сағат 9.30-да «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-да  болған кездесу барысында компания жер қойнауын пайдалануға арналған 13 келісімшарт пен лицензия шеңберінде жұмыс істейтіні, оның алтауы барлауға және жетеуі өндіруге арналғаны айтылды (бір келісімшарт бойынша өндіру жүргізілуде, қалған жобалар жобалау және құрылысын салу кезеңінде).

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ қызметі Қазақстан Республикасының Қор туралы Заңымен реттеледі, өз кезегінде, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Компанияны құру туралы ҚР Үкіметінің қаулысын, Компанияның даму стратегиясын, Жарғысын және Қарым-қатынасты, оның ішінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруды реттейтін ішкі регламенттерді басшылыққа алады.

Компанияның негізгі шешімдері Компанияның басқару органы – Директорлар кеңесі және атқарушы органы – Басқарма шеңберінде алқалы түрде қабылданады. Басқару органының қызметі мерзімдік есептерде көрініс табады және Компанияның ресми интернет-ресурсында жарияланады. ӨСАБ шеңберіндегі қосымша ақпарат мемлекеттік органдардың және бөгде ұйымдардың ресми сұрауларына сәйкес жүзеге асырылады.

Осылайша, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ қызметі айқындық принциптеріне сай келеді. Мұны «Қазақстанның ірі компанияларының ашықтығы рейтингінде» 2019 жылы 15 компанияның ішінен ІІІ орын алғаны үшін берілген Диплом растап отыр.

Сағат 10.30-да «Қазатомпром» ұлттық компаниясында қаржылық бақылаушы Д.А. Қожа-Ахметпен және басқа да компаниялардың өкілдерімен кездесу болды.

Алеск Горди Қазақстандағы алдағы валидация туралы айтты және өткен кездесулерде қойылған ұқсас сұрақтарды қойды.

Компаниялар өкілдерінің квазифискалды шығындарды нақты айқындауға қатысты қойған сұрақтарына Алекс түсінік берді. Айтылғаны, компаниялардың әлеуметтік маңызы бар объектілерді салуға арналған, мемлекет өтемейтін шығындары квазифискалды шығындарға жатады. Мысалы, ҚМГ ішкі нарыққа бензинді нарықтағыдан төмен бағамен шығарады және сол үшін мемлекеттен өтемақы алмайды.

Сонымен қатар, ӨСАБ бойынша Ұлттық есептің 3 және 4-қосымшаларында көрсетілген әлеуметтік шығындар бойынша ақпаратты қайталамау мәселесі көтерілді.

Соңғы жаңалықтар

Пресс –релиз о рабочей встрече представителей сторон НСЗС по реализации ИПДО в Казахстане

14 Қаңтар
2020 - 3203Views

2019 жылғы 26 қыркүйектегі мерейтойлық Х Ұлттық Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) конференциясы туралы баспасөз баяндамасы

26 Қырк
2019 - 3406Views

2019 жылғы 26 қыркүйектегі Нұр-Сұлтан қаласында өтетін мерейтойлық Х Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) бойынша Ұлттық конференция туралы баспасөз баяндамасы

20 Қырк
2019 - 3503Views

Қазақстанда ӨСАБ бойынша екінші валидацияның басталуы туралы баспасөз баяндамасы

13 Тамыз
2019 - 2877Views

ӨСАБ-ты іске асыру аясында валидация және салыстыру бойынша МТҰК жұмыс тобымен кездесу туралы баспасөз хабарлам

19 Шілде
2019 - 2703Views

Пресс-релиз. Глобальная конференция по ИПДО в Париже 17-19 июня 2019 г.

18 Маусым
2019 - 2726Views

За период 2018-2019 (до июля) были опубликованы следующие материалы

10 Маусым
2019 - 4820Views

ӨСАБ Атқарушы директоры Марк Робинсон мен Валидация жөніндегі директор Алекс Гордидің 2019 жылдың 21-24 мамыры аралығындағы Қазақстанға сапары (Нұр-Сұлтан қ.)

03 Маусым
2019 - 2302Views

Қазақстанда ӨСАБ-тың іске асырылуы жөнінде Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің отырысы өтті.

21 Мамыр
2019 - 2348Views
движок сайта