2019 жылы 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Казэнерджи» ассоциациясы өткізетін энергетикалық апта аясында мерейтойлық Х Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (бұдан әрі - ӨСАБ) бойынша Ұлттық конференция өтеді. Конференцияға ҚР Парламентінің депутаттары, ӨСАБ-ты іске асыруға қатысқан министрлік өкілдері, Украинадан, Армениядан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан келген ұлттық координаторлар және тау-кен (ТКМКА) секторларының, жер қойнауын пайдалану саласындағы ірі компаниялардың өкілдері, үкіметтік емес сектор, халықаралық ұйымдар, қадағалаушылар мен басқа мүдделі органдар қатысады.
Конференция тақырыбы: «ЫҚПАЛДАСТЫРЫЛҒАН АШЫҚ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ӨНДІРУШІ САЛАЛАРДЫҢ АШЫҚТЫҒЫ БАСТАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІНЕ ӨТУ»
Аталған іс-шара қазіргі уақыттағы валидациядан өту кезеңінде ірі халықаралық маңызға ие (санкциялау үдерісі ӨСАБ стандартының халықаралық талаптарына сәйкес).
Ескертпе. Конференцияға қатысу үшін барлық қатысушылар http://kazenergyforum.com/registratsiya/ сайтында тіркеуден өтуі тиіс (жүйе қатысуға ақы сұрамау үшін қатысушы типін «мемлекеттік ұйым» немесе «қоғамдық бірлестік» деп таңдаған жөн.
Тіркелген қатысушыларды жалпы тізімге енгізу үшін Бұл электронды пошта мекенжайы, спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы болуы тиіс. e-mail-ға жіберуіңізді сұраймыз.