2019 жылғы 26 қыркүйекте «Казэнерджи» ассоциациясы өткізіп отырған энергетикалық апта аясында ЭКСПО Конгресс орталығында мерейтойлық Х Ұлттық Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) конференциясы өтті. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжісілісінің депутаттары, Үкімет мүшелері мен қоғам өкілдері сөз сөйледі.
Онда компаниялардың бенефициар иегерлерін ашу, ӨСАБ есептерінің мазмұны, деректерді верификациялау, ашық деректердің мониторингтік жүйелердегі ӨСАБ-ты іске асыруды ықпалдастыруға өту дайындығы, заңнамалық нормалар, Қазақстандағы валидация үдерісі, ӨСАБ үдерісінде үкіметтік емес сектордың қатысудағы қаржыландырудың жеткіліксіздігімен байланысты проблемалы мәселелер талқыланды және ӨСАБ 2019 жаңа стандартының халықаралық талаптары айтылды.
Конференция Қазақстанның ары қарай ӨСАБ-ты дамыту ынтасы байқалған және ашық деректердің мониторингтік жүйелерінде ақпаратты барынша ашуға ұмтылған достық көңіл-күйдегі ахуалда өтті.