ҚР ИДМ ГЖҚПК сайты

+7 (7172) 579361, 579362

eiti_secretariat@geology.kz

Slider kaz

previous arrow
next arrow
1
2
3
Slider

ӨСАБ Туралы

ӨСАБ дегеніміз не?

24
Тамыз
2016

Өндіруші салалардың ашықтық бағдарламасы (ӨСАБ) 2002 жылы Йоханесбург қаласында тұрақты даму бойынша өткен саммитте Тони Блэр бастамасымен қолға алынған мұнай, газ және тау-кен өнеркәсібінің басқа салаларындағы табыстардың ашықтығын қамтамасыз ететін әлемдік үлгідегі бағдарлама.

ӨСАБ Халықаралық ресми веб-сайты: www.eiti.org

1212

Қазақстанда ӨСАБ жүзеге асыру

2013 жылы Валидация нәтижелері бойынша ӨСАБ Халықаралық Басқармасы Қазақстанға ӨСАБ-тың барлық талаптарына сәйкестігі бағасын және «ӨСАБ ұстанушы ел» мәртебесін берді (ӨСАБ Халықаралық Басқармасының 25-отырысының хаттамасы) http://eiti.geology.gov.kz/ru/homepage/normative-base ).

2014 жылдан бастап Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушы-компаниялар (салық төлеушілер) тарапынан БМБЖ порталы арқылы ӨСАБ бойынша есептілікті онлайн тәртібінде тапсыру енгізілген. ҚР Қаржы министрлігінің (салық алушы) деректерімен салыстырып тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады, ал салыстырып тексерудің қорытынды есептері, соның ішінде әр компания бойынша бөлек ақпарат сайтта барлық мүдделі тараптарға онлайн тәртібінде қолжетімді.

2015 жылдан бастап есептілікті БМБЖ порталы арқылы онлайн ұсыну енгізілген. Енді есептілік барлық адамдарға қолжетімді. Жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың өңірлерді әлеуметтік дамытуға жұмсаған шығындары мен мұндай ақшалай қаражаттарды пайдаланатын әкімдік деректерін тексеру жүзеге асырылады. Әлеуметтік инвестицияларды тексеру туралы жиынтық есеп ӨСАБ Ұлттық сайтында қолжетімді http://egsu.energo.gov.kz/webapp/pages/home.jsf.

2017 жылы Қазақстан кезекті валидация процесін өтті. 2018 жылдың 13-14 ақпанында Норвегияның Осло қаласында Халықаралық ӨСАБ Басқармасының 39-шы отырысы барысында Қазақстан мәртебесі туралы шешім қабылданды. Халықаралық ӨСАБ Басқармасы Қазақстан ӨСАБ-ты жүзеге асыруда айтарлықтай прогреске қол жеткізді деп шешті, ӨСАБ-ты одан әрі іске асыруды жақсарту үшін бірқатар ұсыныстар берілді.

Қазақстанда ӨСАБ-ты одан әрі іске асырудың басым бағыттары:

  • 2020 жылға қарай міндетті болатын, ӨСАБ 2016 Стандартының халықаралық талаптарына сәйкес соңғы бенефициарларды ашу бойынша Жол картасын іске асыру http://eiti.geology.gov.kz/ru/homepage/bo-roadmap.
  • Ашық деректер саясаты, ашықтықты, деректердің қолжетімділігін алға жылжыту, қоғамдық пікірсайыстар, сыбайлас жемқорлықты жою. Үкіметтің ашық деректер сайтындағы ашық деректер жөніндегі ақпаратты уақытында толықтырып отыру, сондай-ақ мазмұнының аясын кеңейту.
  • Өндірілген ресурстарды бұрынғыдан да тиімдірек басқаруға бағытталғандықтан, ӨСАБ-ты іске асырушы елдер үшін келісімшарттарды ашу өте маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Келісімшарттардың ашықтығы азаматтар, компаниялар және Үкімет арасындағы қарым-қатынастың дұрыс өрбуіне ықпал етеді, осылайша, осы салада дау-жанжалдар азайып, тұрақтылық орнайды.

 

 

 Kaz 1

 

движок сайта